Берлога КАЗ — Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт
Skip to content

Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт

Мейрамхана

Мейрамхана "У МИХАЛЫЧА"

Интерьер альпілік шале стилінде безендірілген: түрлі аңшылық трофейлері, залдың ортасындағы камин, таулар мен көлге көрініс ашатын панорамалық терезелер ерекше атмосфера қалыптастырады. Негізгі залда кәсіби музыкалық жабдық пен караоке жүйесі бар. Негізгі зал 40 қонаққа арналған, ал VIP-зал 20 қонаққа дейін қабылдай алады. Мейрамхана алдындағы жазғы алаңда 150 адамға дейін жайғасуға болады.

Қонақтарымызға ең жаңа өнімдерден дайындалған дәмді, үй тағамдарын ұсынамыз. Тағамдарды әзірлеуде өзіміздің шаруа қожалығымызда өсірілген жоғары сапалы 100% эко-өнімдер пайдаланылады. Барлық мал-құс экологиялық таза, теңгерімді жеммен өсіріледі. Рационнан құрамында ГМО бар өнімдер толықтай алынып тасталған. Жылқылар, сиырлар, қойлар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар және мысыр тауықтары еркін жайылымда бағылады.
Бір адамға орташа чек — 7000 теңгеден бастап.

Play Video