Маусым айынан бастап «У Михалыча» фазендасының аумағында ересектер мен балаларға арналған бассейндер жұмыс істейді.
Әзірге бассейндерде жылыту жүйесі орнатылмаған. Дегенмен, балалар бассейні таяз болғандықтан, оның суы жақсы жылынады. Ал таудың күн шуағына қыздырынып алған соң, ересектер бассейнінің салқын суына түсіп сергіп қалудың өзі ерекше ләззат. Көпшілік мұндай демалысты Ыстықкөлдегі демалыспен салыстырады.