Ресторан у Михалыча – KAZ – Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт
Skip to content

Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт

РЕСТОРАН

РЕСТОРАН "У МИХАЛЫЧА"

Интерьер альпы шале стилінде орындалған: сан алуан аңшылық олжалар, залдың ортасындағы камин, таулар мен көлге көрініс бар панорамалық терезелер. Негізгі залда кәсіби музыкалық жабдық және караоке жүйесі бар. Негізгі зал 40 орынға, VIP залы 20 орынға арналған. Ресторанның алдындағы жазғы алаңда150 адамға дейін жайғаса алады.

Өз қонақтарымызды біз ең балғын азық-түліктен әзірлеген дәмді үй тамағымен тамақтандырамыз. Тағамдарды әзірлеу үшін біз меншік шаруа қожалығымызда өсірілген, жоғары сапалы, 100% эко-өнімдерді пайдаланамыз. Мал мен құстың бәрі экологиялық таза теңдестірілген жеммен өсірілген. Рационнан құрамында ГМӨ бар барлық азық-түлік алып тасталған. Жылқылар, сиырлар, қойлар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, мысыр тауықтары –жайылымда бос жайылады.

Бір адамға орташа шот 7000 теңгеден бастап.

Play Video