Конные прогулки – KAZ – Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт
Skip to content

Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт

АТ ҮСТІНДЕГІ СЕРУЕНДЕР

АТ ҮСТІНДЕГІ СЕРУЕНДЕР "У МИХАЛЫЧА"

Ат үстіндегі серуендер – бұл дененің барлық бұлшықеттерін нығайтудың, денебітімін жақсартудың және стрессті жоюдың тамаша тәсілі. «У Михалыча» Фазендасы Сізге Іле-Алатау ұлттық паркінің тауларында ат үстіндегі 5маршрут ұсынады, мұнда Сіз ат үстінде отырып, қол тимеген табиғаттан, таңғажайып пейзаждардан және таза таулы ауадан ляззат аласыз. Біздің мінетін аттарымыз жақсы үйретілген және де Сіз өзіңізді ат үстінде сенімді сезінетін боласыз. Тәжірибелі шабандоздар үшін бізде сондай-ақ жүрдек аттар бар. Біз 2-ден 5 адамға дейінгі топтарды қабылдаймыз. Барлық серуендер тәжірибелі нұсқаушының бірге еріп жүруімен болады.

Белестерге серуендеу

Белестердің қырларымен бір сағаттық серуендеу – Іле Алатау тауларының таңғаларлық көріністерінен керемет ляззат алу мүмкіндігі.

Ұзақтық: 1,5 сағат

Салт жүрістің ұсынылатын деңгейі: жаңа бастаушы

Шоқ Қайыңға маршрут

Бұл ат үстіндегі серуен Сіз балғын жапырақттардың астында қаланың күйбең тіршілігінен жасырына алатын шоқ қайыңның әсемдігімен

әрбір адамды таң

қалдырады.

Ұзақтық: 2 сағат

Салт жүрістің ұсынылатын деңгейі: орташа

Монастырға маршрут

Бөтен көздерден жасырылған ерлер монастырына апаратын жол бойымен ұлттық саябақтың таңғаларлық пейзаждарынан ляззат алыңыз.

Ұзақтық: 2 сағат


Салт жүрістің ұсынылатын деңгейі: орташа

Жайлауға маршрут

Іле-Алатау ұлттық паркінің шатқалдарымен үш сағаттық серуендеу таза таулы ауамен және таулы пейзаждардың ерекше

сұлулығымен рақаттануға мүмкіндік береді.

Ұзақтық: 3 сағат


Салт жүрістің ұсынылатын деңгейі: жоғары

Қарағай Орманына маршрут

Бұл төрт сағаттық маршрут Сізге Талғар тауларының таңғажайып пейзаждарынан ляззат алуға мүмкіндік береді.

Сіз таулы шалғындармен серуендеп, биік таулы қарағай орманының көлеңкесінде тыныға аласыз.

Ұзақтық: 4 сағат

Салт жүрістің ұсынылатын деңгейі: жоғары

Ыстық көліне маршрут

Бұл ат үстіндегі экстремалды серуендеу тәжірибелі шабандоз ерлер мен әйелдер үшін тамаша жарасады.

Ирек-ирек, тар соқпақтар, құлама беткейлер, және, әлбетте,

Ыстық көлінің ғажайып әсемдігі ешкімді бейжай қалдырмайды.

Ұзақтық: күні бойы


Салт жүрістің ұсынылатын деңгейі: жоғары