САУМАЛ ТЕРАПИЯ – KAZ – Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт
Skip to content

Фазенда “У Михалыча”, Алматы | Ресми сайт

САУМАЛ-ТЕРАПИЯ

САУМАЛ-ТЕРАПИЯ "У МИХАЛЫЧА"

1 мамырдан бастап кезекті Саумал маусымы басталады! Біз Фазендадағы қонақтарымыздың демалысын бұдан да жайлы ету үшін барынша күш саламыз! Жаңа нөмірлер салынды, сауылатын биелердің саны көбейтілді және қосымша персонал жалға алынды.

Жыл сайын (мамыр - қыркүйек) біз Саумалды тұтынудың сауықтыру процедураларын ұсынамыз.

“У Михалыча” Фазендасы Іле-Алатау ұлттық паркінің экологиялық таза тау бөктерінде жайылатын 220 бас жылқы ұстайды. Жаңа сауылған бие сүті әрбір 2 сағат сайын, әр сауғаннан кейін 10-15 минут ішінде, күніне 5 рет қабылданады. Ең таза таулы ауа, тыныштық және жалғыздық ағзаны нығайтуға себептеседі.

“У Михалыча” Фазендасында пайдалы нәрсені ұнамды нәрсемен үйлестіріп, шағын демалысыңызды өткізіңіз!

Құнына мыналар кіреді:

- Саумалды бес рет қабылдау,
- өтельде тұру,
- ресторанда 3 реттік диеталық тамақтану,
- бес күнде 1 рет орыс моншасына бару,
- “У Михалыча” Фазендасының бүкіл аумағына қолжетімділік.

Саумал терапия барлығына пайдалы болады! Ежелден бері Саумалдың пайдалы, сауықтыру қасиеттеріне ие екені және де адам ағзасына жағымды әсер ететіні құпия емес. Соңғы бірнеше жыл ішінде бүкіл әлем тұрғындары Саумалды профилактикалық, сондай-ақ емдік мақсаттарда жиірек тұтына бастады. Бие сүтінің емдік қасиеттерін растайтын көптеген ғылыми зерттеулер бар. Саумал регенерация процестерін жылдамдатады, қартаюды бәсеңдетеді, және тіпті онкологиялық аурулар кезіндегі жай-күйді жақсартуға себептеседі. Мына жерден Сіз Саумалдың емдік қасиеттерімен егжей-тегжейлірек таныса аласыз.

Биелер арнайы жабдықталған ғимаратта – молоканкада сауылады. Молоканка еуропалық жабдықпен жасақталған және бие сауу барлық халықаралық тазалық және сапа стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Бұл жерде сауғаннан кейін 15 минут кешіктірмей сапалы жаңа сауылған бие сүтін ішетініңізге нық сенімді бола аласыз! Белгілі болатындай, бие сүті он бес минут өткен соң көптеген пайдалы қасиеттерін жоғалтады.